Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

7 жыл көлік жүргізбейді

15.01.2021, 9:30 509

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен бағыт аралау барысында 10 қаңтар күні Қызылорда қаласы, көшелерінің бірінде «BMW 520» автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарын тексеру барысында 23 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқықбұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: