Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Ана мен бала өлімінің көрсеткіші өскен

21.12.2020, 17:00 1120

HALYQLINE.KZ Биыл облыста 19497 нәресте дүниеге келді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2293-ке көбейді. Бірақ республика бойынша ана мен бала өлімінің көрсеткіші өсіп отыр. Облыста өткен жылмен салыстырғанда ана өлімі 60,8 нәрестенің өлімі 11,8 пайызға жоғарылаған.

CОVID-19 пандемияға байланысты жүкті әйелдерді қашықтықтан бақылау алғашқы рет енгізілді. Қатардағы 790 медициналық қызметкер індетке шалдықты.

– Ана өлімі себебінің – 83,3 пайызы жүктілікке байланысты емес аурулардан болған. Олардың 58,3 пайызы коронавирустық инфекцияға шалдығып, асқынуларынан қайтыс болған. Жүкті әйелдердің 58,4 пайызында созылмалы аурулар анықталып, анемия орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары болды. Соның салдарынан жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің жыл сайынғы асқынуының өсуі байқалады. Амбулаториялық деңгейдегі тексеру нәтижесінде әйелдердің 66,6 пайызында бүйрек аурулары және анемия экстрагениталдық патологиялары кездесті. Қайтыс болғандардың 53,8 пайызы – ауылдық жерлердің тұрғындары. Бұл тек медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық факторлармен де байланысты болуы мүмкін, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова.

Пандемия кезінде облыста 17 жасқа дейінгі 75 бала COVID-19 шалдығып, 85 пайызы орташа ағымды түрімен ауырды. Балалар арасында COVID-19-дан өлім-жітім тіркелген жоқ. Жалпы биыл бала өлімі өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 11,8 пайызға өсті.

Өлім жағдайлардың негізгі себептері жүктілік кезіндегі асқынулармен байланысты. Сонымен қатар, өңірдегі әйелдердің денсаулық индексінің төмендігі де өзінің әсерін тигізеді. Құрсақішілік ұрықтың іштей өлуі бірден бір себебі. Биылғы жылы құрсақішілік ұрық өлімі, былтырғы жылмен салыстырғанда – 12,4 % өсім көрсетіп отыр, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: