Тарихы тереңнен сыр шертетін Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары да басталып кетті. Ол үшін қазынадан тиісті қаржы бөлінді.
Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «МБК Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазалы қаласын газдандыру үшін жүргізілетін полиэтилен және болат газ құбырларының жалпы ұзындығы 58,9 шақырымды құрайды. Оның ішінде жоғары қысымды 0,4, орташа қысымды 9,6, төмен қысымды 48,7 шақырым.
Бір айта кетерлігі, қаланы газдандыру үшін тартылатын 58,9 шақырым құбырдың 46,4 шақырымы жердің үстімен жүргізіледі. Ал, қалған 12,4 шақырымы жердің астымен жүргізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!