Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиаданың ең жас чемпионы

17.12.2020, 18:00 569

HALYQLINE.KZ 1900 жылы Парижде өткен Олимпиада өз қызығымен есте қалады. Себебі, кездейсоқ чемпион атанған 10 жастағы бала марапаттау сәтіне қатыспай, қашып кеткен. Олимпиада деген атауы болса да, суда ескек есу жарысынан (1750 метр) 3 ғана команда (2 Франция, 1 Голландия) тіркеледі. Сырттан келгеніне қарамастан, ішіндегі ең әлсізі голландиялықтар еді.

Жартылай финал басында бұл сөз шындыққа айналғандай көрінген. Бірақ, алға ұзап кеткен 2 француз командасының бірі жарты жолда аударылып, жарыстан шығып қалады. Осылайша, голландиялықтар финалға өтеді.

Ал, алтын біздің еншімізде деп, ерте бастан қуанған француздар «финалда қандай тың техника қолданамыз?» деп қарсыластарын менсінбейді.

Бірақ финал басталар уақытта голландиялық команда (3 адам) қайықтағы 1 адамды (60 кг) көрермен ішіндегі 10 жастағы (30 кг) балаға ауыстырады. Нәтижесінде голландиялықтар салмақ азайту арқылы күтпеген жеңіске қол жеткізген.

Ал, жеңімпаз атанған 10 жастағы бала суретке түскен соң, көпшіліктің ішіне кіріп, қарасын батырады. Франция мен Нидерланды елі балаға іздеу салғанымен, бүгінгі күнге дейін ең жас Олимпиада чемпионы кім екендігі белгісіз күйінде қалды.

Фейсбуктегі «Қанат Спорт»

парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: