Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мен қалай Мұхаммед Əли атандым?

12.12.2020, 11:00 556

HALYQLINE.KZ Бала күнімде мен барлық нəрсеге қызығатынмын. Менің мына əлемді танығым, білгім келді. Мен əжеммен шіркеуге баратын едім. Шіркеу қабырғасындағы суреттерге қарап жүріп ойланатынмын. Өз-өзіме сұрақ қоятынмын.

– Неге….? Иисус ақ, періштелер ақ, барлық жақсы нəрсенің барлығы ақ, ал барлық жаман нəрселер қара түсте…?

Егер сен жаман адам болсаң, қара тізімге енесің. Тіптен жын- шайтанның өзі қызыл-қара түстегі құбыжық бейнеде. Əрине, мен көп нəрсені түсінбейтін едім. Бірақ, бұл жерде бір əділетсіздік бар, бұл дұрыс емес деген менде ой болатын. ЕВРОПАЛЫҚТАР БІЗДІҢ САНАМЫЗДЫ ҰРЛАП, ДІНІМІЗДІ ҚҰРТЫП, ӨЗДЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІН ҚОЙДЫ.

«Алтын алқа» жеңіп алғаннан соң, мен «Downtown» ресторанына келдім. Бұл жерде ол кезде қара нəсілді жандар тамақ жей алмайтын еді. Мен сонша еңбектен кейін сол жерден тамақ ішуге лайықты шығармын деп ойладым. Мен Американың атынан шығып, Олимпиада ойындарынан «алтын алқа» ұтып алсам да, мені ол жерден қуып шықты. Бұл маған ауыр соққы болды. Теңіздің жағалауына келіп, алқаны лақтырып жібердім. Бұл əділетсіздік жаныма батты. Өз ұлтыма жаным ашыды. Мен Мұхаммед (с.ғ.с) жайлы, ислам діні жайлы естіген болатынмын. Исламда ұлттық теңсіздік жоқ деп еститінмін. Мешітке барып, өз көзіммен көргім келді. Мешітке келіп, аяқ киімімді шешіп, ішке кірдім. Барлығы намаз уақытын күтіп, тыныш отыр екен. Мен бір шетке отырып оларды бақылай бастадым. Өз көзіме өзім сенбедім. Ақ нəсілді мен қара нəсілділер қатар отырып, əңгімелесіп, күліп, бірге дұға жасап отырды. Қара адамды құшақтай отырған ақ нəсілді адамды көргенде төбемнен жай түскендей болды. Мен осылай бақылап отырғанда мешіттің имамы келді. «Сені бірінші мəрте көруім» деп сұрады. «Мен мұсылман болғым келеді» дедім. «Намаз оқып болайық» деді имам. Намаз біткесін мені шақырып алды.

«АЛЛАДАН БАСҚА ТƏҢІР ЖОҚ, МҰХАММЕД ОНЫҢ ЕЛШІСІ ƏРІ ҚҰЛЫ» екеніне куəлік етесің де?» деп сұрады. Мен куəлік еттім.
Сондағылардың барлығы: «АЛЛАҺУ ƏКБАР» деп айғайлады.
Мен жылаймын деп ойламадым. Бірақ көзімнен еріксіз жастар ағып жатты. Менімен қосылып имамда, сол жердегілер де жылады. Мен есімімді Мұхаммед Əли деп өзгерттім.

Мен Олимпиада чемпионы болғанда жыламаған болатынмын. Мұсылман болғанда жыладым.

Менің боксшылдығымнан, мұсылмандығым күшті!

Бөрілі Байрақ тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: