Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Суицид психологиясы және жасөспірім шақтың девиациясы

02.12.2020, 14:50 1062

HALYQLINE.KZ

Зигмунд Фрейд адамды екі нәрсе билейді: эрос (өмірге құштарлық) және танатос (өлімге құштарлық) деп есептейді. Өз-өзіне қол салуға адамдар немқұрайды қараған емес, қазіргі кезде әсіресе көп айтылып жүр.

Осы фаталды қадамға адамдарды апаратын себептер өте көп: бақытсыз махаббат, лауазымдық жолы болмаушылық, аурудан, кәріліктен қорқу… Бұл – жай итермелеуші фактор. Оның себебі тереңде. Олар санадағы өз-өзін жоюға дайын болу. Ғалымдардың пайымдауынша біздің барлығымызда өзін өлтіру гені бар, ол кез келген уақытта жағдайға қарай іске қосылуы мүмкін.

Хронобиология мәліметі бойынша 14-15жас «бұқа уақыты» деп айтылады, бұл кезеңде жасөспірім түннің билігіне көп мойын ұсынады. Осы кезеңде оның бойында тұлғалық идентификация қалыптасып, ол ата-ананың кіндігінен ажырайды. Өзіне сенімділік тұлғалық идентификацияның жоқтығы оларды өзіне қол салуға әкеледі дейді психиатрлар. Әсіресе өте тәртіпті, ешқандай қиындық тудырмайтын және отбасында ата-анамен қарым-қатынас орнамаған ер балалар бейім болады. Бейсаналық дамуы тежелген балалар балалық кезеңнен екінші кезеңге аттап кете алмай, өз білгендері жетпей тек өлу арқылы қайта тірілуді дұрыс деп санайды және ол жайында айналасындағыларға әртүрлі жолмен айтады. Итермелеуші күш боп олардың пір тұтатын әншілері, кітаптағы, кинофильмдердегі тұлғалар ойнайды. Фанаттар өздерін сол бейнеде елестетіп, солардың әрекетімен түйінді шешкілері келеді.

Әлемдік деңгейдегі эволюцияда Құдайларды адамға айналдыру, оларды батырлар ролінде көрсету болған. Олар соғыстардан кейін өліп, қайта тірілген деген аңыздар құрастырылған.

18-25 жастағы суицид жасөспірім шақтан қалған ақыры өсіп жетілмеген сана боп келеді. Көбіне мерзімінен кеш дүниеге келген балалар тап болады. Өмір биологиялық есеюге сәйкес сананың да есейгенін талап етеді. Өзара үйлесімділік болмағандықтан мамандық таңдауда, жар таңдауда қателіктерге бой алдырады, балаға деген немқұрайдылық қалыптасады. «Балаларды ойламады, жақындарын ойламады» деп осы адамдар жайлы айтылады. Бірақ олар жауапкершілікті сезіне алмау проблемасына ие болса, не істейді? «Нирвана» тобының лидері Курт Кобейн «мен өзімше болғанша, өлгенім жақсы» деп айтып, 1994 жылы атылып өлді. Ол өзінің санасын соған жеткізіп, соны орындап тынды. Достары оны «әлжуаз» бала сияқты болатын деп еске алады. Наркомания мен алкоголизмнің тамыры да осында, тек ол өлімге ақырындап алып келеді. Осындай жағдай солдаттарда бар.

Тұлғалық жетілуі артта қалған ер балалар басқа ортаға түскенде қалыптаса алмай, рухани азық болар күш-қуаты жетпей қиналады. 18-25 жаста әлемтанушылық қабілеттің дамитын кезеңі, қалған өміріне жетерлік этикалық құндылықтар қалыптасады. Көптеген жастарда сана осы кезде ағзаны үйретуге барын салады, ол «суфлер» тәрізді гендердің қорынан дұрыс шешімді айтып отырады, сана дамуы тежеліп келгендерде ол сақау бала тәрізді түсініксіз бағдар береді, сөйтіп ол өз бетінше ситуациядан шығу жолдарын қарастырады. Солай шатаса отырып «авариялық шығу» тетігіне басады.    

50 жастан кейінгі өзін өлтіру – ерекше жағдай. Таңғаларлығы өзін өлтірушілер өмірге құштар, табысты, барлық қиындықтарға төтеп беріп жүрген адамдар болып табылады. Жаймендеп келетін үмітсіздік, әлсіздік оларды сонау балалық шақтағы проблемаларға алып келеді. Сана қартаймайды, ол балалық шақ екенін түсінбейді, сонымен шешім шығарылады. Егде жастағы суицидте ритуал жоқ. Бұл кезеңде адам екі ортаны қосып, бастапқы матриархаттық кезеңге қайтып келеді. Олар ұрықтану, туылу, өлудің құпиясын ашып, оның соншалықты қарапайымдылығына көз жеткізеді.

Жоғарыда айтылған мәліметтерді қорытындылай келе, әркім өз мінез-құлқын басқара отырып, оған ықпал ете алады. Ал қайталанған көрініс жасөспірімнің кептелісте қалып, дезадаптацияға ұшырауына әкеліп соғады. Ең қауіптісі – кейінге шегерілген суицидалды мінез-құлық.

Ақмарал  Исамбекова,

психолог

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: