Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы тағайындалды.
Жағыпар Айтбайұлы 1984 жылдың 24 қарашасында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2001-2002 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Тарих және құқық» факультетін, 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын үздік бітірді.
Еңбек жолын 10.2006 – 01.2007 жылдар аралығында Болашақ университетінің колледжінде тарих пәнінен оқытушы болып бастады.
01.2007 – 04.2008 ж.ж. №235 орта мектебі директорының орынбасары;
04.2008 – 04.2009 ж.ж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы;
04.2009 – 09.2010 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;
08.2011 – 12.2012 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
12.2012 – 10.2013 ж.ж. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары;
03.2014 – 08.2015 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің инспекторы, бас инспекторы;
08.2015 – 07.2020 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;
07.2020 – 11.2020 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Отбасылы, екі бала тəрбиелеуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!