Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«САРАТС» жобасының 2-кезеңі талқыланды

27.11.2020, 17:00 776

HALYQLINE.KZ Бүгін «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» (САРАТС-2) жобасы талқыланды. Жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ақмарал Әлназарова, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы дирекциясының, Дүниежүзілік Банктің өкілдері, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры, мемлекет және қоғам қайраткері Н.Қыпшақбаев, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, су шаруашылығы саласының ардаргерлері, экологтар, қоғам белсенділері қатысты.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов ашып, Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының іске асыру барысы жөнінде баяндады. Қоғамда Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайтудың бір немесе екі деңгейлі нұсқалары бойынша әр түрлі пікір айтылып жүр. Басқосуда мамандардың пікірі тыңдалды.

Жалпы Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасы бойынша өткізілген талқылаулар мен кеңестердің негізінде жобаны «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» деп атауды ұсынды. Яғни, жобаға өзгертулер енгізіліп, Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған компоненттер қосымша қосылмақ.

Бүгінде Дүниежүзілік банкпен жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. доллар грант бөлінді. Қазіргі таңда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаның техника-экономикалық негіздеменің тапсырмас жобасыy әзірлеуде.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Арал теңізінің солтүсік бөлігін қалпына келтірудің бірнеше нұсқалары бойынша өз пікірлерін білдіріп, жобаның тез арада іске асырудың қажеттігін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: