Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.
Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда теракт ұйымдастыруға дайындалған деген күдікке іліккен. Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.
– Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, – деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағының адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер жүргізуге дайындалған.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!