Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Фотоөнерімізді неге бағаламаймыз?

17.11.2020, 12:15 1311

HALYQLINE.KZ  Қаламгерлік өмірімде көптеген фототілшілермен қызметтес болдым. Олардың ішінде марқұм Сайлау Пернебай, Сиез Бәсібек, Рахымбай Ханалы үйде боп, дәм де татқан. Бәрі де талантты, еңбекқор, өз кәсібін мейлінше меңгерген шеберлер еді. Бірақ солардың бірде-біреуінің артында қалған альбом-кітаптары жоқ.

Ортамыздағы Болат Омаралиевті де бағаламай жүрміз. Оның мына ФБ деген әлеуметтік желіге жарияланып жатқан суреттері де – бір елдің мақтан тұтар фотоөнерінен көп мағлұмат беретін еңбектер. Мен солардың бірсыпырасын ғана салып отырмын. Ал жарияланбаған, жұр назарына ұсынылмаған әлі қаншамасы архивінде жатыр.

Неге белгілі фотосуретшілерміздің ел үшін, ұрпақ үшін тарихи маңызы бар фотошежірелерін, түрлі фотоэтюдтерін жеке-жеке кітап қып шығармаймыз? Кешегі Пернебай, Сиез, Рахымбай, бүгінгі Болат фотолары қай қырынан алсақ та, мұндай рухани ілтипат пен демеуге лайық қой.

Айтпақшы, белгілі фототілшілер Асылхан Әбдірайымов та үйімізде болған. Шүкір Шахаймен де сыйластығым бар.

Жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлының фейсбук парақшасынан алынды.

Фото авторы – Болат Омарәлиев, суретте ақын Фариза Оңғарсынова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: