Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Полиция қоғамға қажет маман екенін түсіндім»

07.11.2020, 10:00 1053

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы Полиция басқармасының УПП – 11 учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Бағдат Шахмет – жүзі жайдары қызметкер.

«Мен бала кезімнен полиция қызметкерлерінің жұмысына қызығып, бұл мамандықтың кез келген уақытта, қоғамда қажет екенін түсіндім және де болашақта полиция қызметкері болуды армандадым», – деп ойымен бөлісті Бағдат.

Ата-анасы мен достары оның өмірін қызметке арнауды шешкенін біліп, оған толықтай қолдау білдірді.

2019 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде өткен учаскелік полиция инспекторларының слетінде «Полицияның үздік учаскелік пункті» номинациясы бойынша конкурс өткізілді. Онда Қызылорда қаласы Полиция басқармасының №11 учаскелік полиция пункті жеңімпаз болып танылды. Учаскелік полиция пунктінде 5 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс атқаруда.

Учаскелік инспектордың негізгі міндеті – құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс, ал қылмыс жасалған жағдайда-тергеушімен немесе анықтаушымен, сондай-ақ, басқа да қызметкерлерімен бірлесіп, оны ашу бойынша белсенді жұмыс атқару.

Жыл басынан осы әкімшілік учаскеде 29 қылмыс ашылды. Оның ішінде учаскелік инспекторлардың жеке ынтасымен 6 дерек ашылды.

Осы қызмет көрсетілетін әкімшілік аймақта 1317 жеке үй мен 3737 пәтер орналасқан, халық саны 18 945 адамды құрайды.

«Учаскедегі тұрғындар өте қарапайым, көбіне позитивті, жанашыр, жұмысымызға түсіністікпен қарайды және жиі көмекке келеді. Бізге учаске бойынша тұрмыстық мәселелер, отбасылық жанжалдар, көршілеріне шағымданушылар, басқа да тәртіп бұзушылықпен азаматтар хабарласады. Әрине, ауыр құқықбұзушылықтармен күресуге де тура келеді. Мен үшін ең маңыздысы – адамдармен сөйлесу. Өз қызметіміздің ерекшелігі бойынша маскүнемдермен, отбасында жанжал шығаратын, психикалық ауруы бар адамдармен, есепте тұрған адамдармен қарым-қатынас жасауымыз керек. Аймақта 92 адам профилактикалық есепте тұрады. Олардың әрқайсысымен қарым — қатынас тәсілін таңдау маңызды, сондықтан адамды дұрыс жолға бағыттауға мүмкіндік бар екенін түсіну керек», – дейді Бағдат.

Ол қызметте психологтың дағдыларын қолданатындығын да айтады.

Алдымен мен адамды, оның пікірін, шағымынан не күтетінін түсінуге тырысамын. Одан кейін онымен қалай диалог жүргізу керектігін түсінесің. Мен көбінесе алдыма келген азаматқа оның өмірінде болып жатқан жағдайдың одан да қиын сәттерінің болуы мүмкін екендігін түсіндіруге тырысамын. Адамдар бірден ойлана бастайды, алдағы уақытта теріс қылықтардың қайталанбауына өздерін бейімдейді» – деп түсіндірді кейіпкеріміз.

Әңгіме барысында учаскесінде бұрын үнемі арақ ішіп, маскүнемдікпен айналысқан ер адам тұратынын айтты. Ол жұмыссыз болып, бастапқыда достарымен арақ ішіп, содан кейін алаңсыз ішімділікке салынып, қоғамдық жерлерде мас күйінде жүрген.

Бағдат пен әріптестері сол азаматпен және оның жақындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде бұл азамат спирт ішімдігін ішуді қойып, құрылыс мекемесіне жұмысқа орналасып, қалыпты өмірге келген.

«Мен оның өміріне оң өзгеріс әкелетін кілт тауып, психологтың дағдыларын қосып, әсер қалдырғаныма қуаныштымын. Жақында бұл азамат учаскелік пунктіне келіп, үйленетінін айтып жақсы жаналығымен бөлісіп, алғысын білдірді. Осындай азаматтардың лебіздері жақсы жұмыс істеуге итермелейді. «Рақмет» деген бір ауыз сөздің өзіне мақтаныш сезім пайда болып, қиындықтарға қарамастан, өз қызметіңді адал да, үлкен жауапкершілікпен атқаруға тырысасын», – дейді Бағдат.

Бағдат өте жақсы отбасында тәрбиеленген. Әкесі – Төлеков Талғат Шахметұлы – зейнеткер. Анасы – Прназарова Қаиркүл Оразбекқызы, қазіргі кезде №6 орта мектебінде жұмыс істейді. Ата-анасы ұлдары Бағдат пен Ардаққа өте жақсы тәрбие берген. Бағдат отбасында балалардың үлкені болғандықтан жауапкершілігін түсініп, ата-анасына әрдайым көмек береді.

Ол 2012 жылы «Тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Транспорт және коммуникация Академиясын» тамамдаған. 2015 жылы «Заңтану» мамандығымен университетте білім алған.

Қызылорда ҚПБ қызметке 2016 жылы тағайындалды, алайда осы қысқа мерзімде ұжымдастар арасында өзін жақсы жағынан көрсете білді.

Айналасындағылар Бағдатты өз ісінін шебері және білікті қызметкер, сондай-ақ қолынан келген көмегін аямайтын дос ретінде сипаттайды. Бағдаттың пікірінше, нәтижелі жұмыс болу үшін ең алдымен аянбай қызмет ету керек деп есептейді. Мінсіз, адал қызметі үшін бірнеше рет марапатқа ие болған.

Бағдат – адал жар, қамқор әке. Жұмыстан кейін, біздің кейіпкер өзін сағына күтетін жақындарына, отбасына асығады. Жұбайы – Сыздықова Талшынаймен 2014 жылы шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда 3 баланың әкесі. Қызы – Аянат, ұлдары – Дидар мен Айсұлтанды тәрбиелеуде.

Талшынай ақылды, дана әйел ретінде, отағасының қызметі ауыр екенін біле тұра, оған қолдау көрсетіп, жұмыстан келген кезде, оны жылы жүзімен қарсы алады. Бұл отбасында әрдайым күлкі мен шаттық үні естіліп, жылулық пен жайлылық орнаған. Ерлі-зайыптылар өздерінің өсіп келе жатқан ұлдарының да болашақта әкесі сияқты полиция қызметкері болғысы келетінін мақтанышпен жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында учаскелік инспекторлардың мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік жасау және олардың азаматтарға қолжетімді болуы керек екеніне ерекше тоқталды. Сондықтан халықтың сеніміне ие болу үшін, жұмыс нәтижесін көрсетіп азаматтар мен мемлекет алға қойып отырған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сенім білдірді.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: