Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төрт шырақ

25.10.2020, 14:00 1675

HALYQLINE.KZ

(мағыналы  хикая)

Бір бөлмеде төрт шырақ жанып тұрды және бірте-бірте еріп, таусыла бастады. Бөлменің тыныштығы соншалық, олардың сыбыр әңгімелері естіліп жатты.

Біріншісі айтты:

«Мен – ТЫНЫШТЫҚПЫН. Мені адамдар бағаламайды, сақтамайды. Менде сөнуден басқа жол қалған жоқ!».

Бұл шырақтағы от сөніп қалды…

Екіншісі айтты:

«Мен – СЕНІММІН. Бірақ адамдар бір-біріне сенбейді. Көпшілікте сенім өлген. Менде де сөнуден басқа жол қалған жоқ!».

Осылайша екінші шырақ та сөнді…

Үшіншісі айтты:

«Мен – МАХАББАТПЫН. Менің ары қарай жануға күшім жетпейді. Адамдар мені бағаламайды және түсінбейді. Олар өздері үшін жанын беруге дайын жақын адамдарын жек көреді».

Көп күттірмей үшінші шырақ та сөнді…

Бөлмеге адам жүгіріп кірді. Үш сөнген шырақты көрген ол, қорқыныштан:

– Сендер не істеп жатсыңдар?! Сендер жануларың керек. Мен түнектен қорқамын! – деп айғайлады. Көзіне жас алып қалды…

Осы сөздерден толқып кеткен төртінші шырақ былай деді:

«Қорықпа және жылама! Мен жанып тұрғанымда, ол үшеуін әлі көп тұтандырамын. Мен – ҮМІТПІН!».

Шынында да, ең соңғы өлетін – үміт…

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: