Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық волонтерлер «Қауіпсіз қала» жоспарына үлестерін қосты

21.10.2020, 16:25 715

HALYQLINE.KZ

Ағымдағы жылдың 15-31 қазан аралығында құзырлы мемлекеттік мекемелердің бірлесуімен Қызылорда қаласы аумағында «Қауіпсіз қала» атты іс-шара жоспары бекітіліп, рейд жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара жоспарында  құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түрлі бағыттағы жұмыстар қамтылған. Рейд жұмыстарына қалалық полиция басқармасының, қалалық прокуратураның, қала әкімдігінің және «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары мен қаламыздың волонтерлары жұмылдырылды.

«Қауіпсіз қала» шарасының алғашқы күндерінің өзінде көптеген құқықбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, 15-18 қазан аралығында жол қауіпсіздік ережелерін сақтамаған автокөліктің 20 дерегі, оның ішінде, бір азаматқа автокөлікті мас күйінде басқарғандығы және 5 автокөлік қараңғылатқыш (тонировка) таққандығы үшін әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Сонымен қатар, рейд барысында карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеп тұрған «Бункер», «IGame», «Энерджи» «Сони» ойын клубтарының иелері мен келушілеріне және ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдеріне тиісті шаралар көрілді. Сондай-ақ, отбасылық жиындар мен тойларды өткізудің 19 дерегі бойынша той иелерінің құжаттары жинақталып, Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті шаралар қолдану үшін жолданды.

Осы ретте, қала тұрғындарын құқықбұзушылықтарға бармай, карантин талаптарын сақтауға шақырамыз! Аталған іс-шара жұмыстары айдың соңына дейін өз жалғасын табатындығын жеткіземіз!

Бекен  Ғалымжанұлы,

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: