Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс компанияларына нақты талап қойды

16.10.2020, 12:35 745

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған кентіндегі МАИ бекеті аумағында 300 орындық және №169 мектептің 600 орындықты жаңа ғимаратының құрылысы жүруде. Мердігер компаниялар жоспар кестесінен қалып келеді. Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов осыған алаңдап, жұма күнгі жұмысын құрылыс нысандарын аралаумен бастады.

– Қыркүйек айының басында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовпен бірге келіп, жыл аяғына дейін мектептің шатырын жабуды тапсырған едік. Бірақ қарап тұрғанымдай, құрылыс қарқыны төмен. Мұндай қарқынмен жоспарлы жұмысты атқарып үлгермейсіздер. Бригада санын артыру керек. Мемлекеттік сатып алу конкурсына түсіп, ұтып алдыңыздар ма, уақытылы бітіріңіздер, – деп нақты тапсырма берді.

Әкім төмендегідей талаптар қойды:

– Құрылыс сапалы жүріп, уақытылы бітуі тиіс;

– Құрылыс материалдары стандартқа сай болуы керек;

– Жұмысқа тартуда жергілікті азаматтарға басымдық беру керек.

Нұрлат  БАЙГЕНЖЕ,

журналист

Суретті түсірген Жасұлан Сейдеметов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: