Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда синтетикалық есірткі зертханасы анықталды

12.10.2020, 9:50 549

HALYQLINE.KZ Қарағанды полициясы синтетикалық есірткі жасайтын зертхананы анықтады.

Полиция мәліметінше, 10 қазанда бір келі синтетикалық есірткімен ер адам ұсталған. Кейін үйін тінту барысында зертхана бар екені анықталған.

Зертханадан бес келі есірткі заттары тәркіленген. Қарағанды облыстық полиция департаменті жалпы құны 76 млн теңге болатын есірткі заттарын тәркілеген.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Күдікті кінәлі деп табылса, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дәрігерлер синтетикалық есірткі пайдаланатын адамдарды айықтыру өте ауыр екенін айтады. Оны емдеуге бірнеше жылдар кетеді дейді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 26 мың адам есірткіге тәуелді ретінде есепке тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: