HALYQLINE.KZ Карантинге байланысты 65 жастан асқан қариялардың зейнетақысы үйіне апарылып берілуде. Қазпоштаның бұл қызмет түрін облыста 12280 зейнеткер пайдаланып отыр.
«Бұл қызмет түрін пайдаланушылар арнайы құрылған байланыс орталығына өтінім берді. 4 мобильді топ жеткізу қызметімен айналысуда. Бұл шаралардың барлығы біздің клиенттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынды. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемдер үшін шұғыл желі телефоны арқылы 33 588 тұрғын шот ашты» – деді «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева.
Қазпоштаның көрсететін барлық қызметтер онлайн алуға болады. Ал шалғай жатқан аумақтарда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында франчайзингтік бөлімшелері ашылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!