Исламда әр істі Алланың атымен бастауға үйретеді. Әр амалдың өз әдебі болады. Ал ерлі-зайыптылардың төсекте жақындасу әдептері қандай?
Некелі ерлі-зайыптының жақындасудың бірнеше әдебі бар. Мұны сүннет әдептері ретінде білу керек. Алдымен ерлі-зайыптылардың «бисмиллаһ» деп айтуы мұстахап. Сондай-ақ, «Ықылас» сүресін оқып тәкбір, тахлил (ләә иләһә иллаллаһ) айтады. Сосын былай дейді: «Бисмиллаһил-алиил-азим. Аллаһуммәжалһә зурриятән тайибәтән. Ин кунтә қаддартә ән тухрижә зәликә мин сулбии. Аллаһуммә жәннибниш-шайтанә уә жәннибниш- шайтанә мәә разақтәни», – деп жазады Muslim.kz.
Мағынасы: «Ұлы да асқақ Аллаһтың атымен. Егер нәсәбімнен бір ұрпақ шығуын жазған болсаң Өзің мұны жақсы, салихалы ұрпақ ет! Аллаһым! Шайтанды менен аластат және маған нәсіп ететін ұрпақтан да шайтанды алыстат».
Ерлі-зайыптылар төсекте қосылар кезде бүркенуі тиіс. Денесіне көрпемен жапқаны дұрыс. Сондай-ақ, кейбір ғалымдар арасында жұма түні жақындасу – мұстахапқа жатады дегендер бар.
Мұстахап дегеніміз – таңдаулы, ең көркем амал. Діни терминде Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері.
Мұстахаптың үкімін жасағанға – сауап бар, жасамағанға күнә жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!