HALYQLINE.KZ «Қала күні» мерекесі аясында Қызылорда қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларымен «Үздік аулалар» байқауын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Байқаудың бір ерекшелігі қала тұрғындары үздік ауланы өздері таңдайды. Қызылорда қаласын жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға қаланың жанашыр және белсенді азаматтары өз үлестерін аянбай қосып келеді. Соның бір дәлелі, биылғы байқауда жаңа мөлтек ауданды көгалдандыру ісін қолға алған Жаппасбай батыр көшесіндегі №76 үй тұрғындарының ауласы басым дауысқа ие болды.
Туған қаламыздың көркеюіне үлес қосып, жанашырлық танытқан тұрғындарды құттықтауға арнайы барған қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы аула бағбандарына қала әкімінің арнайы дипломын табыстады.
Сонымен қатар, ауланы көркейту-көгалдандыруға қажетті құрал-саймандар жинағы беріліп, тұрғын үй ауласына «Үздік аула – 2020» тақтайшасы ілінді.
Бірлігі жарасқан тұрғындар бұл байқаудың көгалдандыру ісін одан әрі жалғастыруға жігер бергендігін жеткізді. Мұндай аулалар кез келген жанның көңілін жадыратпай қоймайтыны анық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!