Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бекарыстан би тұрғыны 500 бас қой сатып алды

23.09.2020, 12:20 790

HALYQLINE.KZ Біздің елімізде мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі өте көп. Сондықтан болар ауыл тұрғындары жеңілдетілген несиеге төрт түлік сатып алып, оның басын көбейтумен айналысуда.

Бекарыстан би ауылындағы «Ғибрат» шаруа қожалығы – мемлекеттік бағдарламаның қамқорлығын сезінгендердің бірі. Жақында бұл қожалық «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 20 млн теңге несие алып, 500 бас қой сатып алды.

Қазіргі таңда мал басын көбейтіп, шаруашылығының аясын кеңейтем деген адамға барлық мүмкіндік бар деген пікірде Бекарыстан би ауылында тұратын жеке кәсіпкер Ниетәлі Әбдікәрімов.

Мал шаруашылығымен айналысушыларды қаржылай қолдайтын «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан пайызы аз несиеге қол жеткізіп, 481 бас аналық, 19 бас асыл тұқымды қошқар сатып алдық. Қой бағуға да қажырлы еңбек керек. Дегенмен, қой малын көзден таса қылмайтын, қиындығына шыдайтын төзімді адам ғана баға алады. Сонда ғана оның жемісін көріп, көл-көсір пайдаға бата аласыз, – дейді ауыл тұрғыны.

Қазақ халқы «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп бекер айтпаған. Себебі әлемде одан басқа бір де бір жануар ол сияқты сан түрлі өнім бермейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: