HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында тергеу изоляторына аяққиімге жасырып, телефон өткізбек болған азаматша ұсталды.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. Қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша қамауда отырған інісіне, сәлем-сауқат жібермек болған апасының сәлемдемесін, мекеме қызметкерлері тексеру кезінде, аяқкиімнің табанына мұқият жасырылған “Nokia» ұялы телефоны және «Актив» сим-картасы мен қуаттағыш құрылғысын тауып, тәркіледі.
Құқы бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттары Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!