Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үйдің шатырын жауып беремін…»

18.09.2020, 14:00 364

HALYQLINE.KZ Қызылорда облыс орталығының тұрғыны 71 жастағы қарт анадан «үйдің шатырын жауып беремін» деген желеумен сеніміне кіріп, ақшасын алдап алған. Алаяқ келісілген уәде бойынша осы күнге дейін үйдің шатырын жауып бермей қашып жүрген.

Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті Махамбетов ауылы тұрғыны 44 жастағы азамат анықталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: