Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үй алып беремін деп…

11.09.2020, 14:15 567

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, алданды. Қала орталығынан үш бөлмелі пәтер алып беремін деген алаяқтың сөзіне сенген ол 2 миллион теңге көлемінде ақшасын берген.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған.

Бұдан бөлек, полицейлермен күдіктінің бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сөйтіп, уәдемен тойдырған алаяққа Қызылорда қалалық сотымен 4 (төрт) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: