HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 (тергеу изоляторы) мекемесінен тағы бір жазасын өтеуші, бостандыққа шықты. А. есімді азамат терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздырғаны үшін бас бостандығынан айырылған.
Мекемеге келгеннен бастап осы азаматпен мекеменің жедел бөлімі, арнайы контигент арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің теолог, психолог мамандары және радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ресми түрде тіркелген діни бірлестік өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бұрынғы діни ұстанымының дұрыс еместігіне көзі жетіп, дәстүрлі исламға бейімделіп, мекеме жұмысына белсене араласып, оң нәтиже көрсетті.
Тағайындалған жазасының үштен бір бөлігін өтеген сотталған Қызылорда қалалық №2 сотына ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруға өтініш хат берген болатын. Сотталған азаматтың өтініш хаты сотпен қаралап, қанағаттандырылды.
Мекемеден босатылар алдында, журналиске берген сұхбатында бұл азамат алғырттықпен аңдамай жаза басып, жасаған қылмысына өкінетіндігін айтты. Өзі секілді көп уақытын әлеуметтік желіде отырумен өткізетін жастарды теріс ағымдағы әртүрлі діни сайттардың тұзағына түсіп қалмуынан сақтанып жүруге шақырды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!