Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұлулық салонынан ұялы телефон ұрланды

03.09.2020, 16:15 604

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ 2 қыркүйекте Қазалы ауданының 52 жастағы тұрғыны полицияға ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сұлулық салондарының бірінде шағымданушы шашты бояу кезінде телефонын диванға қойып, кейінірек есіне түскенде ұялы телефонының жоғалғанын байқайды. Азаматша дереу полицияға жүгінеді.

Тексеру барысында полицейлер салон қызметкерлерінен сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Ұрлық жасау кезінде салонда тағы да бір азаматша болған. Телефон иесінің бейқамдығын пайдаланып, бұл әйел ұялы телефонды алып, қашып кеткен.

Іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ұрының ізіне түсіп, оны құрықтады. Ол осы ауданның 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйел өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған телефон тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды қарапайым сақтық ережелерін сақтап, ұрлық дерегі болған жағдайда дереу полицияға хабарласуын сұрайды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: