HALYQLINE.KZ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 19 тамыздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмаларына орай және «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған шаралар бойынша, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мен облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Antikor ortalygy» сервистік орталығында отырыс ұйымдастырылды.
Отырысқа Департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Шамұратов Нажмадин Шакизадаұлы, Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының және облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері карантин кезіндегі талаптарды сақтай отырып қатысты.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.М.Ниязов тақырыпқа сай хабарлама жасап, сыбайлас жеқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясатқа тоқталса, көліктік бақылау инспекциясының басшысы Н.Ш.Шамұратов «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған және алдағы уақытта жоспарланған шаралар бойынша хабарлама жасады.
Бұл ретте, Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша қызметі барысында, жол төсемінің жай-күйіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі ауыр салмақты үлкен жүкті тасымалдау болып табылатындығы анықталған.
Осылайша, ауыр салмақтағы автокөлік құралдары, негізінен өзі аударғыш, жолдың бір учаскелерін жөндеу үшін инертті материалдарды тасымалдау кезінде бір мезгілде жолдардың басқа учаскелеріне елеулі зиян келтіреді және бұзады.
Осыған орай, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының деректеріне сәйкес 2020 жылдың 8 айында көліктік бақылау бекеттерінде 1125 бұзушылық деректері орын алған, оның ішінде 117 салмақ параметрлерінен асып кету дерегі тіркелген.
Қазіргі уақытта, көліктік бақылау инспекциясының және «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерінің қатысуымен, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында ауыр салмақты және инертті жүк тасымалдайтын автокөлік құралдарына бақылауды қамтамасыз етуіне бағытталған мониторинг барысында жыл басынан 25 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Іс-шара қорытындысымен қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!