2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты 4 айға еңбек демалысын алды. Бүгінгі таңда ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
– Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді, – деді комитеттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Олимпиада чемпионы 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, 2019 жылдан бастап комитет басшысы болып қызмет атқарады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!