HALYQLINE.KZ 18 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімі мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері рейд жүргізу барысында ашық далада Құланды елді-мекен аумағында заңсыз киік аулаған азаматты ұстады.
Тексеру барысында Арал ауданы, Құланды елді мекенінің тұрғынынан екі бас ақбөкен тәркіленді.
Қазіргі таңда, бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-1-бабы 1-бөлігімен (Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!