HALYQLINE.KZ Қызылордада жанжал шығарған 50 отағасына қорғау нұсқамалары шығарылып, 5-еуіне мінез-құлқына сот шешімімен ерекше талаптар қойылды.
Криминогендік ахуалды оңалту, мас күйінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу, мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының 17-23 күндері аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
2 күнде ішкі істер органдарының есебіне барлығы 91 тұлға профилактикалық және тізімдік есепке алынып, оның ішінде отбасында жанжал шығарған 50 азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылса, құқықбұзушылардың міңез-құлқына сотпен 5-еуіне қатысты ерекше талаптар белгіленген, 4-еуі қолайсыз отбасы санатымен есепке алынса, 22 азамат маскүнем санатымен есепке қойылды.
Сонымен қатар, 128 әкімшілік құқықбұзушылық деректер анықталған.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 18, 73-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2 бабымен (ұрып-соғу) – 14, 127 бабымен (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) – 5, 200-бабымен (Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 3, 442 бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 51, 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 33, 461-бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) – 3, 423-1 бабымен (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі бұйымдарын сату) 1 дерек тіркелді.
Іс-шара аясында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған барлығы 598 тұлғаның тұрғылықты мекен-жайларынан тексерумен қамтылды.
Мәселен, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде үйінде жанжал шығарып, отбасы мүшелеріне сыйламаушылық әрекеттер білдіргені үшін осы кент тұрғыны үстінен учаскелік полиция инспекторына хабарлама келіп түскен.
Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы дер кезінде барып мән-жайды анықтау барысында құқық бұзушы өзінің жұбайымен жанжалдасқаны белгілі болған. Осыған дейін азаматшаның арызы арқылы Ішкі істер органдарына «Қорғау нұсқамасы» санатымен 30 (отыз) тәулікке есепке алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілген болатын. Алайда ол нұсқама талаптарын орындамай, отбасында қайта ұрыс-керіс шығарып, шырқын бұзған.
Өз кезегінде учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушы қайта құқықбұзушылық жасағандығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) әкімшілік хаттама рәсімдеп, жинақталған құжаттарды мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдады.
Сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды. Оған қоса бұл азаматтың мінез-құлқына 3 (үш) ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленіп, алдағы уақытта учаскелік полиция инспекторының бақылауында болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!