Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарасора-2020»: 17 мыңнан аса сора өсімдігі жойылды

18.08.2020, 14:20 1224

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қойылған талаптарына сәйкес, 2020 жылғы 1 маусым-30 қазан аралығында «Қарасора-2020» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы Қызылорда облысы аумағында өткізілуде.

Осыған орай, егілетін қарасораның егістерін анықтаудың және жоюдың іс-әрекеттерін іске асыру үшін, жергілікті құқық қорғау, атқарушы органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылып, арнайы жоспарлар бекітілді.

Іс-шараның мақсаты – есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Атқарылған ауқымды іс-шаралар нәтижесінде барлығы 54 (2019 – 46) есірткі қылмысы тіркелді. Бұл жөнінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөремен ақпарат берілді.

Оның ішінде есірткі өсірудің 49 (37) дерегі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 2 (2) дерегі және есірткі сатудың 3 (7) дерегі анықталды. Есірткі өсірудің 8 дерегі далалық аймақтан, 41 дерегі үй ауласы, саяжайдан және 1 дерегі мекеме ауласынан табылды.

Есірткі өсіргені үшін барлығы 42 тұлға ұсталса, оның 16-сы қамаққа алынды.

Оқиға орнынан 17 мың 51 түп сора өсімдігі жойылды, заңсыз айналымнан 35 кг. 656 гр. марихуана және 2 дана атыс қаруы тәркіленді.

Мысалы, 2020 жылы 19 шілде күні Жаңақорған ауданында Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан «Бота соққан» деп аталатын жерде бұлақ жанында егілген 240 түп сора өсімдігі (жалпы салмағы 14 кг. 383,28 гр.) және 100 түп көкнар өсімдігі (жалпы салмағы 653,42 гр.) анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жаңақорған ауданының екі тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, күдікті азаматтарды тексеру барысында полиэтилен пакетке оралған кептірілген шөп ұнтақтары айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған ерекше иісі бар зат «кептірілген марихуана» екені анықталған.

Қазіргі уақытта далалық аймақтардан ірі көлемдегі есірткі алқабын анықтау мақсатында топтар құрылып, шолу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: