Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу мекемесіндегі спорт чемпиондары

17.08.2020, 12:00 591

HALYQLINE.KZ Бүгінгі таңда, денсаулық – адамның ең қымбат дүниесі. Елдегі эпидемиологиялық инфекцияның қауіп-қатер тудырып тұрған шағында, ҚАЖ саласында қызметте жүргендердің ауырмай, қиындығы мол жұмыста төтеп беріп жүргендері, әрине денсаулықтарының мықтылығыннан. Содан болар, Ішкі істер саласына жұмысқа кірер алдында, денсаулығың жүз пайызға жақсы болып және міндетті түрде физикалық нормативтерді орындай білуің керек. Сондай дені сау, рухы мықты, жасынан спортпен айналысқан жалынды жастар тергеу мекемесінде тегеурінді еңбек етіп келеді.

Иә, құқық қорғау саласында жұмыс істейтін жеке құрам қызметкерлерінің міндетті түрде болаттай берік, құрыштай қайратты болуы керек. Халық алдында парасат-пайым, әдеп-ілтипатымен ғана емес, сәйгүлік аттай сән түзер дене бітімі, сын-сымбатымен де, ерекшеленіп тұруы міндетті. Соның ішінде Қылмыстық атқару жүйесі аты айтып тұрғандай, күнделікті қауіп-қатерге толы мекеме болғандықтан, ондағы қызметкерлердің физикалық дене жаттығулары жоғары деңгейде болуы қажет. Осы қағиданы ескерген Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің жеке құрам қызметкеткерлері әрдайым дене бітімдерін жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін спортпен айналысып жүреді. Және олар – спортты бала күнінен серік еткендер. Бірі – чемпион, бірі – спорт шебері.

Тарқата айтатын болсақ, мекеменің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет лейтенанты Н.Кушеров – ҚАЖ қызметкерлері арасында жүргізілетін қоян-қолтық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері. Режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі, әділет лейтенанты Батырбек Өмірбекұлы – еркін күрес бойынша чемпион, жасынан ат құлағында ойнап, бәйгеге қатысқан шабандоз. Мекеме бастығының кезекші көмекшісі Рахметов Жорабек те – еркін күрестен чемпион, спорт шеберлігіне үміткер жігіт. РжКБ-нің инспекторы, әділет кіші сержанты Алмадинов Айдос қаламыздағы Жалаңтөс баһадүр атындағы балаларға арналған спорт интернатында оқыған. Сол оқушы кезінен бүгінгі күнге дейінгі қатысқан спорттық шаралары бойынша, 37 ордень, медаль жинаған. Осындай нар тұлғалы, кең иықты ерлермен иық тірестіре жүріп жұмыс істейтін, кіші сержант Анель де жасынан дзюдо, қазақша күрес түрлеріне қатысып, республика көлеміндегі жарыстардың чемпионы атанған. Қиын да, қауырт жұмыстарымен спортты қатар алып жүрген ҚАЖ қызметкері үшін спорт – балалық шақтарында, бос уақытын тиімді өткізудің көзі болса, бүгінгі таңда дағдыға айналған саламатты өмір салтының қайнар бұлағы, денсаулықтарының тірегі.

«Дені сау адамда мықты рух болары анық. Рух мықтылығы – спортта», – дейді ҚАЖ қызметкерлері.

Раушан АБДРАХМАНОВА,

ЗК-169/1мекемесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: