Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер балалар қауіпсіздігін бақылауда

17.08.2020, 11:00 380

HALYQLINE.KZ Жазғы демалыс – балалардың тынығып, денсаулығын нығайтатын уақыт.

Ата-аналардың өз балаларын қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, бұл қағидаларды ұстануын қадағалау өте маңызды.

Жазғы демалыс кезінде балалардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз мезгілінің 3 айына учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе ювеналды полиция қызметкері кезекшілікке бөлініп, қызмет атқарып жатыр.

Жазғы демалыс уақытында балалардың жеке қауіпсіздігі, оның ішінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ерекше назарында болуы қажет. Бұл орайда, полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде белгіленбеген орындарда суға шомылуға қатаң тыйым салынған. Осындай деректер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364-бабына сәйкес әкімшілік шара көрілетін болады.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: