Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Режим бұзғанға да, құқық бұзғанға да жаза бар

14.08.2020, 16:40 480

HALYQLINE.KZ 14 тамыз күні сағат 00:30 шамасында Тасбөгет кенті, Махамбет ауылында болған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша (атыс қаруын қолданып жасалған бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оқиға қатысты күдікті тұлға уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды.

Сонымен қатар, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 436-бабына сәйкес (Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) әкімшілік іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бытыра тиіп жарақат алған кәмелетке толмаған бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.​ Мониторингтік топпен карантин шектерулеріне қарамастан той жасаған тұрғын және той жүргізушісі (асаба) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) хаттама толтырылып, Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осыған қоса, аталған тойдың өткізілуі үшін музыкалық аппаратураларды жалға беріп, тойды өткізуге қатысқаны үшін жеке кәсіпкердің жеке басы анықталғаннан соң, соңғыға қатысты әкімшілік шара қолданылатын болады.

Тойдың өткізілуіне жол беріп, әрекетсіздік танытылған Ақсуат ауылдық округінің әкімдігі қызметкерлерінің жауаптылықтары қаралатын болады.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: