Сонымен…
1. Неке ешқашан сені қиындықтан, жалғыздықтан, жан дүниеңде бос қалған қара түнектен құтқармайтынын ешкім айтпайды. Басқа бір адам сенің кемшілігіңді бүтіндеп бермейді. Ол тек оны ашып көрсетеді, үдетеді, бәрібір өз қиындығыңды өзің еңсеруге тура келеді.
2. Жаның қаламаған адаммен бас қосқанша жалғыз жүргенің жөн дегенді де ешкім айтпайды. Адам шаңырақты жалғыз қалудан қорыққаннан емес, жүрек қалағаннан көтереді. Ақиқаты – осы.
3. Бала – әр кезде бақыт бола бермейді. Баланың беретін ауыртпашылығы, түн ұйқыңды төрт бөлу, өзіңді басы бүтін ұмыту, өзіңе уақыт қалдырмау, кейде тұтас өмірің балаға арналып кету дейтін бар. Осыны түсінсең, жақсы. Егер балалы болғаннан өмір гүлдеп, жайнап кетеді деп күтсең, әлі де дұрыстап ойланып көр.
4. Жұп болу – екеуара ортақ жауапкершілік. Әркім өзіне жауап беретін болса, серігіне емес, екеуіне де жақсы болар еді.
5. Сен өнегелі отбасы деген шаңырақтың өзіндік қитұрқылығы болуы ықтимал. Жүз пайыз мінсіз отбасы жоқ.
7. «Сүйем» деген сөз тез таусылады. Егер бір-біріңмен сөйлесіп, құрметтеп, қамқорлық жасап үйренбесеңдер, шаңырақ құруға асықпаңдар. Әлі есеймегендігің.
8. Көп жұп төсек қатынасына келгенде бір-біріне өтірік айтқыш. Әйелдер тоят таптым дегенді өтірік келтіреді. Еркек спазмды оргазм деп қала береді. Екеуі де қанағаттанбай, ызалы боп жүреді. Не қалайтыныңды ашық айтып үйрен. Кез келген тақырыпта.
9. Егер таныса салғанда екеуіңе ортақ тақырып табылмаса, ол кейін де табылмайды. Кейін шағымданбау үшін қазірден ашық бол. Ұнамаса, ұнамадың де.
10. Қателігіңді мойындап үйрен. Дұрыс таңдау жасамағаныңды түсінсең, мойында. Кетісуге қорықпа. Өзіңе де, өзгеге де өтірік айтудан арыл.
11. Адамдар көп өзгере қоймайды. Олардың мінезі ашылып, бетперделері шешіледі. Сен, сендік махаббат оны өзгерте қоймас. Егер сол адам сені бағалап, қазынам деп қабылдап, сен үшін өзгеруге бел буады. Бұл оның өз таңдауы болуы тиіс. Өзіңді Сиқыршы сезінгің келсе, осы бастан бұның бәрі бекер екенін біл.
12. Бірде бір рухани ілім бүгінгі қиындықтан құтқармайды. Қиындықты көргің келмегеннен ол жоқ боп кетпейді. Сондықтан алдыңдағы қиындықты жеңіп үйрен.
13. Өзгеден ақыл сұрай берме. Жан дүниеңе, отбасыңа бөтен адамдар мен біліксіз мамандарды жолатпа. «Асүйлік психология» тек ішіңді босатуға жақсы, алайда шешім шығаруға әсері аз, әрекет жүйесін басқаруы тиімсіз. Тек өзгенің қисынсыздығына көз жеткізуден арыға бармайтын іс.
14. Еркекті түсіну оңай: оларды қолдап, тыңдап, дер кезінде тамақтандырып, отбасындағы рөліне таласпасаң болғаны. Әйелді түсіну де оңай: олармен сөйлесіп, қорғап, сүю керек. Бәрі оңай. Егер шынайы болсаң, серігіңнің сағын сындырмай, жақсы көруді білсең.
15. Отбасы құру мен бала сүюге дәл саған не қажеттілігі бар екенін түсінгенде бас қатыр. Бөтен ой мен пікірді, қоғамдық қалыпты ескеріп керек емес.
16. Егер қателессең – өзіңді кешір. Ары қарай жүр. Өмір өте қызық. Оны өз қолыңмен тозаққа айналдырма.
Автор Оксана Цыпина,
Аударған Шынар Әбілда
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!