Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 3 күнде 765 ереже бұзу тіркелді

13.08.2020, 18:10 557

HALYQLINE.KZ Көлік құралын мас күйінде жүргізген жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 10-16 тамыз аралығында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Іс-шараның 3 күнінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 765 дерегі тіркелді.

Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК 59- бабының 4-бөлігі бойынша (КҚ жалған және қолдан жасалған МТНБ басқарудың) – 7 дерек, 590-бабының 5-бөлігі бойынша (тонировка) – 73 дерек, 590-бабының 7-бөлігі бойынша (заңсыз қайта жабдықтау) – 17 дерек, 591-бабы бойынша (ТҚ басқарған кезде телефон немесе радиостанция пайдалану) – 73 дерек, 593-бабының 1-бөлігі бойынша (қауіпсіздік белдігін пайдалану) – 183 дерек, 600-бабы бойынша (жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – 22 дерек, 608-бабы бойынша (КҚ мас күйде басқару) – 14 дерек, 612-бабының 1-бөлігі бойынша (КҚ басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) 86 дерегі анықталып, 35 автокөлік айып алаңына қойылды.

«Жыл басынан бері 221 жол-көлік оқиғасы болды, оның ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасында, 7 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды. Біздің тарапымыздан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде профилактикалық шаралар жүргізілуде» деп Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының м.а. Амитов Шамшидин атап өтті.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: