Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Минскіде «жаппай тәртіпсіздікті үйлестіруші» ұсталыпты

12.08.2020, 15:30 589

HALYQLINE.KZ

Беларусь мемлекеттік БелТА агенттігінің хабарлауынша, «жаппай тәртіпсіздікті үйлестіруші» ұсталды. Милиция нұсқасына қарағанда, Минск тұрғыны «Беларусь» қонақүйінің 17-қабатынан бөлме жалдап, наразылықты сол жерде үйлестірген, деп жазады centralasian.org

БелТА агенттігінің хабарлауынша, ол сол жерден үш адамға нұсқау беріп отырған, олар өз кезегінде жүздеген адамды басқарған.

Беларусь ішкі істер министрлігі наразылық акцияларына қатысушыларға ақша таратқан адам ұсталды деп хабарлады. Министрлік мәліметі бойынша, оның рюкзагында «он мыңнан астам доллар болған».

Оны ұстау кезінде күдікті ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, біреуінің мұрнын сындырды, делінген ІІМ мәлімдемесінде.

Бұның алдында министрлік «тәртіпсіздік туғызған арандатушылар» ұсталғаны туралы хабарлаған. Олардың арасында «Ашық Ресей» үйлестірушілері Игорь Рогов пен Артём Важенков бар. Беларусь Тергеу комитеті олардың үстінен іс қозғады. «Ашық Ресей» ұйымының мәлімдеуінше, Важенков пен Рогов елге бақылаушы ретінде келген. Олардың Беларусьқа сапары құпия болмаған.

Беларусьта 9 тамыздан бері наразылық акциялары жүріп жатыр. Қарсылық президент сайлауынан соң басталды. Ресми мәлімет бойынша сайлауда қазіргі президент Александр Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинаған. Алайда сайлаушылардың дені ресми мәліметке сенбейді.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: