Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 3 көрсеткіш бойынша ғана өсім бар

11.08.2020, 14:30 470

HALYQLINE.KZ

Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Жиында экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р.Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев, қаржы министрі Е.Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов және энергетика министрі Н.Ноғаев, агроөнеркәсіп кешені туралы ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, өңірлердің дамуы туралы Алматы облысының әкімі А.Баталов, Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов, Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин баяндады.

Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша экономиканың базалық салаларында оң өсім серпіні сақталуда. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсім 2,5 пайызға қамтамасыз етілді. ОПЕК+ қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі жағдайында мұнай өндірудің төмендеуі байқалады, бұл тау-кен өнеркәсібінің жалпы көрсеткіштеріне тікелей әсер етті.

-Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әлеуметтік-экономикалық дамудың 7 негізгі көрсеткішінің 5-еуі бойынша өсім көрсетті. Қарағанды, Түркістан, Павлодар, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында 4 көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Тек 3 көрсеткіш бойынша өсім Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Өңірлер белсендірек жұмыс істеп, экономикалық өсімді қалпына келтіру жолында қабылданған барлық шараларды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясындағы шараларды тиімді іске асыруы қажет. Отандық өндірісті қолдауды, инвестиция тартуды, экспортты ілгерілетуді, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын құруды барынша қамтамасыз ету қажет, – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өңірлік дағдарысқа қарсы штабтардың жұмысын жандандыруды, кәсіпкерлер көтерген мәселелерді шұғыл қарауды және тиісті шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: