HALYQLINE.KZ 2020 жылдың шілденің 30 күні Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ауданның Қожакент ауылының оңтүстік беткейінде қалың жыңғылдың ортасында арнайы дайындалған 3 қарық жерге жасыл түсті сора өсімдігін еккені анықталды.
Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғынын ұстады.
Оқиға орнын тексеру барысында осы азаматтың шеңгел-жыңғылдар арасында жалпы 281 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды.
Қазіргі таңда күдікті Жаңақорған АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!