HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімі осы мекемеде жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Майнд машина» психорелаксациялық аппаратымен психокоррекциялық жұмыстарын жүргізді.
Бұл тренигтің негізгі мақсаты – қасақана немесе жазатайым жағдайда ауыр қылмысқа барып, өкінішпен күйзеліске түскен немесе өз-өзіне қол жұмсауға бейімді жаза мерзімін өтеушілерге психологиялық көмек көрсете отырып, олардың өмір сүруге деген құлшынысын арттыру.
Тренинг барысында мекеменің психологы А.Жүсіпбеков осындағы жазасын өтеушілерге өткен күннен сабақ алу және қазіргі өмірді бағалай білу керектігін айтып, қатысушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.
Карантин талаптарын сақтай отырып жүргізілген тренингте, сотталғандарға түрлі психологиялық әдістер арқылы сауалдар қойылды. Жазасын өтеуші азаматтар өздерінің ішкі көңіл күйін жеткізіп, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісті.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!