HALYQLINE.KZ Елімізде орташа айлық жалақы мөлшері өсті. Бұл туралы ел экономикасының мониторинг жасау бойынша жобаны зерттеушілер Ranking.kz мәлімдеді.
Биыл ІІ тоқсанда Қазақстандағы қызметкерлердің айлық жалақысы 13,7 %-ға өсіп, 212 мың теңге болған. Инфляцияны ескере отырып, нақты көрініс бойынша сатып алу қабілетінің өсуі – 6,5%. Өткен жылы осы кезеңде орташа айлық жалақы мөлшері 186,5 мың теңге болды.
«Жалақының ең көп мөлшері Атырау және Маңғыстау облыстарында: 386,4 және 317,7 мың теңге. Елордада орташа айлық – 282,5 мың теңге, Алматыда – 238,7 мың теңге. Айта кетейік, аталған төрт өңірде жалақы мөлшері республика бойынша орташа жалақыдан көп.
Орташа айлық жалақының ең аз мөлшері Солтүстік Қазақстан (159,3 мың теңге) және Жамбыл (162 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (164,2 мың теңге) тіркелді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты 2,3 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем алуға өтініш берген. Төлем 2 миллион 114 мың адамға төленген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!