Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста 501 994 сайлаушы дауыс беруге құқылы

29.11.2026, 10:15 20

Бүгін Қызылорда облысында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы заң шеңберінде өткізілуде. Сайлаушылар үшін барлық учаскелерде қолайлы жағдайлар жасалған, дауыс беру орындары қажетті кабиналармен, материалдық техникалармен жабдықталды.

  • Аймақта 9 аумақтық, 136 округтік және 386 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Қызылорда қаласындағы 6 учаскеде таңғы сағат 06.00-де дауыс беру басталды. Бұл 5 кен орны, 1 әскери бөлім. Мұнда 3504 азамат тізімге енгізілді.
    Қалған учаскелерде дауыс беру 07.00-де басталып, комиссиялар заңнама талабын қатаң сақтауда. Облыс бойынша 501 994 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді,-деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Ерсұлтанов
    Сонымен бірге өңірдегі 27 уақытша болу орындары яғни жабық учаскелерде дауыс беру ерте аяқталады.
    Дауыс беру күні есептен шығару куәліктерімен келген азаматтарға да бюллетень беріледі. Барлық учаскелер кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.
    Қазіргі таңда қандай да бір бұзушылықтар тіркелмеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: