Бүгін – Қызылорда өңірінде мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы!
Науқан кезінде Қызылорда облысында 9 аумақтық, 136 округтік, 386 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды. Оның 5-і кен орны, 1-і әскери бөлім.
Бұл учаскелерде 3504 азамат дауыс беруге құқылы.
Науқанда «Құмкөл» кенішіндегі ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар таңмен таласа келісіп, дауыс берді.
Маңызды науқанда учаскелерде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады.
Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.
Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!