Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беру басталды

29.11.2026, 9:27 38

Қызылордада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды.

Сыр өңірінде 501 994 дауыс беруші тізімге енгізілген. Тұрғындар таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін тіркелген мекенжайы бойынша белгіленген сайлау учаскесінде өз таңдауын жасай алады.

Облыс бойынша 531 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9-ы — аумақтық, 386-сы — учаскелік, 136-сы — округтік сайлау комиссиясы.

Азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 196 онлайн сервис іске қосылған. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 учаске бар.

Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, азаматтардың дауыс беру учаскесін нақтылау мақсатында Call-орталық (109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі (saylau.orda.gov.kz/ru) жұмыс істейді.
Әр азамат жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгенін және сол учаскесінің қай мекенжайда орналасқанын картадан онлайн көре алады.
Сонымен қатар, telegram-бот (saylaukzo_Bot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: