Қызылорда облысында бір апта ішінде қоғамдық орындарды ластаудың 314 дерегі тіркелді. Тазалық талаптарын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалап, қоршаған ортаны ластаған азаматтарды анықтауда.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, қоқысты белгіленген жерлерге тастауға және туған жердің көркеюіне үлес қосуға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!