Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келесі жылы ұялы байланыс тарифтері тағы қымбаттауы мүмкін

24.11.2026, 15:39 47

Ұялы байланыс операторлары инфляция мен шығындардың артуына байланысты келесі жылы тарифтерді орта есеппен 10 пайызға көтеруі мүмкін. Бұл туралы компания өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«КаР-Тел» ЖШС бас атқарушы директоры Джаббор Каюмовтың сөзінше, тарифтерді инфляция деңгейінде түзету жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер барлық абонентке бір мезетте емес, кезең-кезеңімен енгізілетіні айтылды.

«Beeline-да бұл орта есеппен 10% шамасында болады деп болжанады», – деді Джаббор Каюмов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

«Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин компанияның тарифтерді қайта қарау мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.

«Өсім орта есеппен 10-12% шегінде болуы мүмкін», – деді ол.

Ал «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС басқарма төрағасы Александр Бабичев өзгерістердің жекелеген тарифтік жоспарларға ғана қатысты болатынын атап өтті.

«Жекелеген тарифтер бойынша бізде келесі жылы тарифтік жоспарға байланысты шамамен 10% деңгейінде, 15%-дан аспайтын мөлшерде түзетулер күтіледі», – деді спикер.

Фото: ЖИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: