Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Телевизия саласының тыныс-тіршілігімен танысты

24.11.2026, 9:30 29

21 қараша – Дүниежүзілік телевизия күні. Осыған орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыстық және қалалық телеарналарға танымдық экскурсия жасады.

Экскурсия барысында оқушылар Qyzylorda және Qogam TV телеарналарының жұмысымен танысып, телебағдарламалар мен жаңалықтардың қалай дайындалатынын көрді. Сондай-ақ түсірілім барысын бақылап, телестудия жұмысымен жақынырақ танысты.

Оқушыларға журналист, тележүргізуші, режиссер, оператор және монтаждаушы мамандарының қызметі туралы ақпарат берілді. Олар осы кәсіптердің ерекшеліктері мен қыр-сырын біліп, телевизия саласында жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар жөнінде білді.

Танымдық экскурсия оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, телевизия саласына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: