Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық спортшылар Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды

24.11.2026, 8:10 17

Алматы қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Еліміздің әр өңірінен үздік спортшылар қатысқан республикалық жарыста қатысушылар өзара мықтыны анықтап, спорттық шеберліктері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Аталған чемпионатта Арал ауданының намысын қорғаған спортшылар да сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, 84 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен аудан спортшысы Әбіл Еламан қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, І орынды иеленді. Ал 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбжамиев Ернұр жарыстың қола жүлдегері атанып, ІІІ орынға тұрақтады.

Бұл жетістіктер – спортшылардың табанды дайындығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының нәтижесі.

Аудан спортшыларының республикалық деңгейдегі жарыста үздік нәтиже көрсетуі – Арал ауданында спорт саласының дамып, жас спортшылардың шеберлігі артып келе жатқандығының айқын көрінісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: