Ауылдың өркендеуі – ондағы халықтың тұрмыс сапасымен, тұрақты жұмыс орындарымен, сапалы инфрақұрылыммен және жастарға жасалған мүмкіндіктермен өлшенеді. Осы бағыттар «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Бағдарламадағы басымдықтарды партиядан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Дельфура Байрахтарова Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылы тұрғындарымен кездесуінде таныстырды.
Жүздесуде ауылдық аумақтарды дамыту, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мәселелері талқыланды.
Үміткер Дельфура Байрахтарова партияның сайлауалды бағдарламасында ауылды дамытуға ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, қуатты ауыл – қуатты өңірдің негізі. Сондықтан ауыл тұрғындарының табысын арттыру, кәсіп бастауға мүмкіндік жасау және елді мекендердегі өмір сүру жағдайын жақсарту өзара байланысты міндеттер ретінде қарастырылған.

«Ауылдың дамуы ең алдымен тұрғындардың күнделікті өмірінен көрінуі керек. Ол үшін тұрақты жұмыс орындары, табыс көзі, сапалы жол, таза ауыз су мен қолжетімді әлеуметтік қызметтер қажет. Партияның сайлауалды бағдарламасында осы мәселелерді жүйелі шешуге бағытталған міндеттер белгіленген. Біз ауылдың тек инфрақұрылымын ғана емес, экономикалық мүмкіндігін де арттыруымыз керек. Әрбір ауыл тұрғынының өз кәсібін ашуға, еңбек етуге және табысын көбейтуге мүмкіндігі болғаны маңызды», – деді Дельфура Байрахтарова.
Бағдарламада ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға да басымдық берілген. Қызылорда облысы үшін аграрлық саланың маңызы ерекше. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, оны терең өңдеу, дайын өнім көлемін арттыру және жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін кеңейту міндеттері қарастырылған.
Бұл ретте ауыл кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту, «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану маңызды. Жергілікті жерде жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарының ашылуы ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына және табысының артуына ықпал етеді.

Сайлауалды бағдарламада ауылдық аумақтардағы инфрақұрылымды жақсарту да негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Атап айтқанда, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 98 пайызға жеткізу, өңірді газдандыру деңгейін 91,4 пайызға дейін арттыру көзделген. Сонымен қатар инженерлік-коммуналдық желілерді жаңғырту және елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылған.
Ауылдың болашағы жастардың мүмкіндіктерімен де тығыз байланысты. Осыған орай партия бағдарламасында жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік білім алуға жағдай жасау, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру міндеттері қамтылған. Білімді жасқа мүмкіндік беру – ауылдың ертеңіне инвестиция салу деген сөз.
Кездесу барысында үміткер «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы өңір экономикасын әртараптандырумен қатар, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруды көздейтіндігін де атап өтіп, 29 қарашада «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.
Ауыл тұрғындары да өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Тапсырыс беруші: Базартай Ж.Н
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!