Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қыс-2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

20.11.2026, 17:05 28

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал ауданында «Қыс-2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, деп жазады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындығын пысықтау, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайларға ден қою қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Аудан аумағында өткізілген оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев қатысып, азаматтық қорғау саласының қысқы мезгілге дайындық барысын пысықтады. Бірінші кезекте ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өткізіліп, жеке құрам мен техникалардың әзірлігі тексерілді. Мұнан соң практикалық жаттығулар ұйымдастырылып, қызметтерге түрлі шартты тапсырмалар берілді. Жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылы, төтенше жағдайлар кезінде күштер мен құралдарды жұмылдыру, жедел әрі үйлесімді әрекет ету алгоритмдері пысықталды.

Айта кетейік, облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуға барлығы 102 адам мен 42 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың нәтижесінде азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын жетілдіру, өзара іс-қимылын үйлестіру және жедел әрекет ету қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: