Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зеленский: АҚШ пен Қытай Путинді бір кездесудің өзінде тоқтата алады

19.11.2026, 15:45 137

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Қытайдың Ресейге ықпал етіп, Украинадағы соғысты тоқтатуға мүмкіндігі жеткілікті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бейбіт келіссөздердің нәтижелі болуы үшін алдымен атысты тоқтату қажет. Бұл туралы Украина басшысы NBC News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Зеленский Қытай төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді. Украина басшысы Вашингтон мен Бейжіңнің саяси және экономикалық ықпалы Мәскеудің ұстанымына әсер етуге жеткілікті деп санайды.

– Бейбіт келіссөз атыс тоқтаған жағдайда ғана ілгерілеуі мүмкін. Мұны қалай жасау керегі айдан анық. Қытай мен АҚШ-тың Путинді бір кездесудің өзінде тоқтатуға күші де, ықпалы да жеткілікті. Бұған толық мүмкіндіктері бар, – деді Владимир Зеленский.

Бұған дейін Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында Владимир Путин мен Дональд Трамп жеке кездесу өткізген болатын. Келіссөз бір сағатқа да жетпей аяқталып, оның қорытындысы бойынша баспасөзге мәлімдеме жасалмаған. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, кездесудің негізгі тақырыбы Украинадағы соғыс болған.

Бүгін, 19 қарашада Шэньчжэньде АҚШ, Қытай және Ресей басшыларының үшжақты кездесуі де өтті. Келіссөздердің күн тәртібіне Украинадағы соғыс, ядролық қаруды бақылау және халықаралық қауіпсіздік мәселелері енгізілген. Алайда Украина мен Еуропа елдерінің өкілдері бұл кездесуге қатысқан жоқ. Зеленский бұған дейін Украинаға қатысты шешімдер Киевтің қатысуымен қабылдануы керектігін мәлімдеген.

Айта кеткен жөн біз бұған дейін АҚШ Президентінің Ресей мен Украина басшылары бітімге келуі керек деген мәлімдемесін жазған едік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: