Ақтөбеде полицейлер кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды өңірлік Полиция департаменті.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, Қазақстан азаматы болып шықты.
Қылмысты ашу үшін қалаға ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы ІІМ бақылауында.
Естеріңізге сала кетейік, ер адамды екі күн бұрын Ақтөбеде атып кеткен еді. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын және күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.
Кейінірек таңертең өз үйінде қаладағы танымал жанармай құю бекеттері желісінің 49 жастағы директорын атып өлтіріп кеткені белгілі болды.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Оқиға орны. Фото: instagram.com/aqtobe_sergek
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!